Жобалау
GRENT («ГРЭНТ» ЖШҚ) — ішкі және жерүсті су бұру жүйелерін, соның ішінде тот баспайтын болаттан, шойыннан, металдан, бетоннан және пластиктен жасалған бұйымдарды өндіретін әрі жеткізетін ресейлік компания. Су бұру және кәріз жүйелерінің негізгі бұйымдарына үй-жайлардың ішіндегі ағын суды әкетуге және іргелес аумақтан жаңбыр мен еріген қар суын жинауға арналған науалар, траптар, ревизиялар, тазалау құрылғылары, шұңқырлы траптар, құм ұстағыштар және жаңбыр суын қабылдағыштар жатады. Сертификаттар и іске асырылған нысандар өнімдеріміздің сапасы мен сенімділігін растайды!
GRENT траптарының, науалары мен торларының BIM модельдері мына жобаларда қажет болуы мүмкін:
- ірі тамақ өндірістері: ет комбинаттары, сүт цехтары, сыра зауыттары, ірімшік, кондитерлік өнім және шарап өндірістері, консерві комбинаттары;
- қаланы абаттандыру нысандары: субұрқақтар, көпірлер, тұрақтар, жол өткелдері, стилобаттар, қасбеттер;
- жол инфрақұрылымы нысандары: жолдар, тасжолдар, магистральдар, көпірлер, жол өткелдері, тоннельдер, виадуктар және жол айрықтары;
- әлеуметтік нысандар: балабақшалар, ауруханалар, жатақханалар және бассейндер;
- жеке бизнес нысандары: фитнес орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар, қонақүйлер, SPA орталықтары;
- үй маңындағы жер телімдері, верандалар, гараждар және балкондар.
Компаниямыз су бұруға қатысты әр техникалық міндетті жеке қарап, тапсырыс берушілермен, құрылысшылармен, жобалаушылармен және дизайнерлермен бірлесіп су бұру және кәріз жүйелерінің оңтайлы нұсқаларын табады. Бұл жұмыста GRENT («ГРЭНТ» ЖШҚ) компаниясының техникалық және конструкторлық бөлімдері маңызды рөл атқарады.
Біздің ұйымда жобалаушылар мен дизайнерлерге арналған серіктестік бағдарлама бар! Ынтымақтастыққа шақырамыз!
МАМАНДАРЫМЫЗ ӘРҚАШАН ДАЙЫН:
- Бұйым сызбаларын түрлі форматтарда (AUTOCAD, Revit BIM модельдері, dwg, dxf, pdf және т.б.) ұсынуға;
- Орнату жөніндегі қажетті нұсқаулықтарды, типтік монтаж сызбалары мен тораптарын ұсынуға;
- Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына сәйкес ішкі және сыртқы су бұруға арналған техникалық шешімдер әзірлеуге;
- Жобаңызға сәйкес ішкі және сыртқы су бұру бұйымдарын есептеп, таңдауға (қимасы, жүктеме сыныбы, габариті, шығарылымдар саны, су өткізу қабілеті);
- Су бұру жүйелері мен олардың жинақтауыштары (бекіткіштер, герметиктер, бітеуіштер, шығарылымдар, метиздер және т.б.) бойынша толық спецификациялар мен коммерциялық ұсыныстар дайындауға;
- Нысанға жоба алдындағы тексеру жүргізуге (нысанға бару, кеңес беру, өлшеу және т.б.);
- Ішкі және сыртқы су бұруға арналған дайын жобалық шешімдерді тексеруге және олардың құнын есептеуге. Нәтижесінде шығынды азайтуға және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған оңтайландыру жолдарын ұсынуға.
Ынтымақтастыққа шақырамыз! Сізді серіктестеріміз қатарында көруге қуаныштымыз!























